«Галатасарай» Нұралы Әліпке қызығушылық танытты

«Галатасарай» Нұралы Әліпке қызығушылық танытты
instagram

Түркияның ең танымал әрі титулды футбол клубтарының бірі – «Галатасарай» Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында ойнайтын Нұралы Әліпті өз қатарына қосуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түркиялық Akşam басылымының мәліметінше, Ыстанбұл клубы 26 жастағы қазақстандық қорғаушыны жаңа ойыншылар тізіміне енгізген. Қазір «Галатасарай» скауттары оның алаңдағы өнерін бақылап жүр.

Басылымның мәліметінше, Нұралы Әліптің өзі де басқа клубқа ауысу туралы келіссөздерге ашық және мұндай мүмкіндікке қызығушылық танытып отыр.

Алайда әзірге «Галатасарай» мен «Зенит» клубтары арасында ресми келіссөз басталмаған.