АҚШ-та Хэллоуин мерекесі кезінде атыс болып, 76 адам қаза тапты

АҚШ-та Хэллоуин мерекесі кезінде атыс болып, 76 адам қаза тапты
© AP Photo / Terry Renna

АҚШ-та Хэллоуин мерекесі өткен демалыс күндері атыс салдарынан кемінде 76 адам қаза тауып, тағы 201 адам жарақат алды,, деп хабарлайды dalanews.kz.

РИА Новости мәліметінше, 30 қазаннан бастап елдің бірнеше штатында атыс оқиғалары тіркелген. Олардың арасында Хэллоуинге арналған кештер кезінде болған қарулы қақтығыстар да бар. Кейбір оқиғалардан кейін бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.

Мәселен, Теннесси штатында жасөспірім мектепке тапанша алып келген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқушыға қаруды заңсыз сақтағаны үшін айып тағылды. Ал Чикагоның оңтүстік бөлігінде жанжал кезінде 35 жастағы ер адам атып өлтірілген. Оқиға Хэллоуинге орай безендірілген жеке үйдің маңында болған.

Миссури штатындағы шағын қалалардың бірінде пәтерде ұйымдастырылған кеш жанжалға ұласып, 22 жастағы жігіт 18 жастағы азаматты атып жаралаған. Сондай-ақ тіркелген оқиғалардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде атыс қаруын қолдану деректері де бар.

Сарапшылардың мәліметінше, жұма күнінен бастап АҚШ аумағында атыс қаруы қолданылған түрлі оқиғалардан 76 адам көз жұмып, 201 адам жарақат алған. Айта кетейік, бұл статистика тек Хэллоуин кештеріндегі атыстарды емес, мерекелік демалыс күндері ел аумағында тіркелген басқа да қарулы оқиғаларды қамтиды.