Астана аспанында әскери ұшақтар қаптайды

Астана аспанында әскери ұшақтар қаптайды
Мемлекеттік күзет қызметі

Астана тұрғындары мен қонақтарына әскери ұшақтар ұшатыны ескертілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

5-7 қарашада Астанада бірқатар халықаралық саяси іс-шара өтеді. Осыған байланысты қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

"Іс-шараларға арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің күштері мен құралдары жұмылдырылады. Бұдан бөлек, 1 қарашадан бастап елорда аспанында әскери ұшақтардың жаттығуы өтеді", - деді ҚР Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларға түсіністікпен қарау сұралды.