Алматы тауларындағы Талғар асуы маңында жоғалып кеткен 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматын іздеу жалғасып жатыр. Ер адам бір айдан аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр, алайда әзірге табылған жоқ, деп хабарлайды dalanews.kz.
28 қыркүйекте 73 жастағы Корея азаматы бір топ адаммен бірге Шымбұлақтағы аспалы жолмен тауға көтерілген. Кейін серіктеріне жолын жалғыз жалғастырып, қалаға өз бетінше түсетінін айтқан.
Алайда ер адам қонақүйге оралмаған. 29 қыркүйекте құтқарушыларға оның жоғалғаны туралы хабар түскен. Содан кейін іздеу жұмыстары басталған еді.
2 қарашадағы жағдай бойынша турист қайда екені әлі белгісіз. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ер адам әлі табылмағанын растады.