Астанада өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі

Астанада өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді.

Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек көрсетілген. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек қарастырылады. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі.