ҚАЖК Бишімбаевқа қатысты сауалға жауап берді

Сағыныш Сардарова 14 қар. 2024 09:09 1715

БАҚ пен әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты түрлі ақпарат тарағаннан кейін ҚАЖК өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияны атамаған.

"Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сот тағайындаған жазасын өтеп жатыр. Сотталған адам жазасын өтеп жатқан орын туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ылмыстық-атқару кодексінің 25 - бабы) оның жақын туыстарына хабардар етілді", - деп жауап берді комитетте басылымға.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың колонияда жұмыс істемейтіні айтылды.

Айта кетейік, 2024 жылы 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.  

Әйелін өлтіргені үшін қамауға алынған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Бұған дейін де ҚАЖК өкілдері колонияда экс-министр үшін қолайлы орын әлі бос емес екенін, сондықтан жұмысқа тұрмағанын мәлімдеді.

Ал 12 қарашада апелляциялық алқа Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағыммен оның бұрынғы әйелінің талап арызын қарады.

Сот мәліметінше, экс-министр балаларының тегін өзгертуіне қарсы болмады, алайда оны ата-ана құқығынан айырмады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар