Еліміз бойынша ауыл әкімдерін сайлау ісі жүзеге асқаны көпшілікке мәлім. Ауыл әкімдерін сайлау науқанында «AMANAT» партиясының атынан түскен кандидаттар топ жарғанын да білеміз. Осылайша көптен күткен реформа іске асып, үлкен өзгеріске старт берілілді. Осы ретте «AMANAT» партиясы жыл басынан ауылды басқару мүмкіндігіне ие болған партиялас әріптестерінің іскерілік біліктілігін көтеру үшін «Әкімдер мектебі» жобасын қолға алып, ауыл әкімдерінің біліктілігін қолға алды. Өткен аптада ҚР Паламнеті Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов пен вице-премьер Қанат Бозымбаев «Әкімдер мектебі» жобасымен танысып, оған сәттілік тілеген еді. Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау жүйесі іске қосылғаннан кейін, олардың басқарушылық қабілетін арттыру қажеттілігі туындағаны сөзсіз. Осы орайда, Мемлекеттік қызмет агенттігі мен «AMANAT» партиясы ауыл әкімдерін оқыту бағдарламасын қолға алды.
Күні кеше ғана тұтас еліміз бойынша бастау алған шараның Жетісу облысында қалай жүзеге асқанын көзбен көріп, тамашалады.
Жетісу облысы «AMANAT» партиясының филиалы «Әкімдер мектебі» жобасы жұмысын бастағанына куә болдық. «AMANAT» партиясының филиалы облыстағы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бөлімшесімен тізе қосып, өңірдегі ауыл әкімдерінің білімі мен біліктілігін жетілдіруге кірісіп кетті. Айтулы шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев «Әкімдер мектебі» жобасына қатысып, біліктілігін шыңдауға үлес қосқан ауыл әкімдеріне сәттілік тіледі.
Бұл бастама ауыл әкімдерінің кәсіби деңгейін көтеріп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. «AMANAT» партиясы ауыл әкімдерінің біліктілігін көтеру үшін арнайы «Әкімдер мектебі» жобасын іске қосты. Бұл бастама жергілікті басқару сапасын жақсартуға және ауылдық округтердегі экономикалық өсімді арттыруға бағытталған.
Жоба аясында әкімдер жергілікті бюджетті тиімді басқару, мемлекеттік сатып алулар мен салық салу, экология және қоршаған ортаны қорғау, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану сияқты негізгі бағыттар бойынша білімдерін жетілдіреді.
Оқыту бағдарламасы 240 академиялық сағатты қамтиды, оның 100 сағаты ауылдық округтердің скринингін жүргізу мен жеке қосалқы шаруашылықтардың (ЖҚШ) экономикалық әлеуетін талдауға арналады. Сонымен қатар, әкімдерге 17 оқу модулі бойынша оқыту жүргізіледі.
Бұл – курстар практикалық жаттығулар, тренингтер және тәжірибелі сарапшылармен кездесулер арқылы жүзеге асырылады. Оқыту Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында, облыстық филиалдар арқылы ұйымдастырылады. 17 ақпанынан бастап Қазақстанның 17 өңірінде ауылдық округтердің әкімдерін көпсалалы оқыту басталады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесінің енгізілгенін және олардың 60%-ы мемлекеттік қызметте бұрын жұмыс істемегенін атап өтті. Бұл ауыл әкімдеріне жаңа талаптар қойылатынын көрсетеді. Сол себепті, Үкімет әкімдердің басқарушылық қабілеттерін жетілдіру бойынша кешенді оқыту бағдарламасын әзірледі.
Әкімдер ауыл экономикасын дамыту үшін өз жобаларын әзірлейді және оларды қорғауға міндетті. Бұл – олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл әкімдері маркетингтік зерттеулер, кооперация жобаларын жасау, шикізатты өңдеу мүмкіндіктері сияқты экономикалық өсу факторларын зерттейді.
Бастама ауыл әкімдерін кәсіби басқарушыларға айналдыруға бағытталған. Нәтижесінде 2000 әкім оқудан өтеді, ауылдық округтердің экономикалық дамуының 3-5 жылдық бағдарламалары жасалады, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен салықтық базаны кеңейту бойынша нақты шешімдер ұсынылады, әкімдер AMANAT партиясының лекторларының бақылауымен тұрақты түрде онлайн практикумдар мен үй тапсырмаларын орындайды.
Ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру – жергілікті басқаруды күшейтудің маңызды қадамы. Бұл бастама арқылы ауылдық аймақтарда жаңа деңгейдегі басқару мәдениеті қалыптасып, экономикалық өсімге серпін беріледі. Қазақстанның 7,5 миллион ауыл тұрғыны үшін бұл бағдарлама сапалы басқару мен тұрақты дамудың кепілі болмақ.
Нұрлан ЖҰМАХАН