Ақтөбе футбол клубына инвестор табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Нарық" жаңалықтарының мәліметінше, Qazaq Stroy компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев "Ақтөбе" футбол клубының инвесторы болды. Бұл туралы кәсіпкердің компаниясы хабарлады.
"Келісімге қол жеткізілді, футбол клубы Нұрлан Артықбаевқа өтеді", - деді компания өкілдері.
Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық футбол клубтары біртіндеп олигархтардың қолына өтіп жатыр. Мысалы қазан айының соңында қазақстандық кәсіпкер Исламғали Қозбақов "Қайсар" футбол клубының жаңа иесі атанғаны белгілі болды.
Исламғали Қозбақов - Қызылордалық кәсіпкер, TAU Group Ltd құрылыс компаниясын басқарады. Ашық дереккөздерде оның капиталы туралы мәлімет жоқ.
