Қазақстандық кәсіпкер Исламғали Қозбақов "Қайсар" футбол клубының жаңа иесі атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
30 қазанда президенттің Қызылорда облысына сапары жоспарланған. Сапар қарсаңында облыс әкімдігінде "Қайсарды" жеке меншікке өткізу мәселесі бойынша жиын өтті.
"Барлық қажетті құжаттар рәсімделіп, клубтың жаңа иесі ретінде Исламғали Қозбақов бекітілді. Ертең жергілікті билік президентке тапсырманың сәтті әрі жедел орындалғанын хабарлайды", - делінген Telegram-арнада жарияланған ақпаратта.
Маусым нәтижесі және жаңа иенің кім екені
Биылғы маусым қорытындысы бойынша Қызылорданың "Қайсары" 22 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде 11-орын алды.
Исламғали Қозбақов - Қызылордалық кәсіпкер, TAU Group Ltd құрылыс компаниясын басқарады. Ашық дереккөздерде оның капиталы туралы мәлімет жоқ.
