Қазақстан Азиадада академиялық ескек есуден тарихи алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Азиадада академиялық ескек есуден тарихи алтын медаль жеңіп алды
ҰОК/Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық спортшылар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ерлер арасында рульсіз қос ескекті қайықпен жарысудан А финалында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

Шешуші бәсекеде олар қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды.

Күміс жүлдені қытайлық Чуан Цао мен Мэншуай Ян иеленді. Олар 2,09 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев (6:32,34) жайғасты.

Осылайша, Яковлев пен Чернухин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының алтын медалін салды.