Әзілкеш Данияр Жұмаділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Әзілкеш Данияр Жұмаділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
instagram

Қазақстандық әзілкеш Данияр Жұмаділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

«„Ерен еңбегі үшін“ медалімен марапатталу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұны шығармашылық жолымдағы еңбегім мен жетістіктерімнің бағалануы деп білемін», – деп жазды әзілкеш.

Медальді оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстаған.