Алматыда шетел азаматтарына жалған жеке куәлік, жүргізуші куәлігі мен көлік тіркеу куәлігін жасап берген 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті бұл қызметі үшін ақша алып отырған. Ол Қазақстан азаматтарының қолданыстағы ЖСН-і мен жеке куәлік нөмірлерін пайдаланғанымен, құжаттардағы фотосуреттер мен жеке деректерді өзгерткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, оның негізгі клиенттері Орталық және Оңтүстік Азия елдерінен келген азаматтар болған. Жалған құжаттар көбіне курьер және жүргізуші болып жұмысқа орналасу үшін пайдаланылған.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.