Елордада мас күйде лифт есігін тепкен тұрғын 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Түнгі уақытта масаң күйде болған ер адам лифт есігін теуіп, тұрғындардың ортақ мүлкіне зақым келтірген.
Полиция қызметкерлері оны анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы ер адам болып шықты. Ер адамға қоғамдық орында мас күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық дерегі бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Сот шешімімен құқықбұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, одан келтірілген материалдық шығын өндіріледі.