Ақтөбеде 6 қарашаға қараған түні Есет батыр тұрғын алабынан 26 жастағы әйелдің сүйегі табылды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ол тұншығып қайтыс болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кісі өлтірді деген күдікпен әйелдің 31 жастағы бұрынғы күйеуі ұсталды. Полицияның алдын ала болжамы бойынша олардың арасында тұрмыстық жанжал болған.
Ерлі-зайыптының артында төрт жастағы қызы қалды. Полицияның мәліметінше, бұған дейін бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы отбасылық жанжалдарға қатысты шағым түспеген.
Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.
Бұл - Ақтөбеде кейінгі бірнеше күнде болған екінші әйел өлімі. 3 қарашада Неке сарайында 26 жастағы әйел қаза тапты.
Қазір екі кісі өлтіру дерегі де тергеліп жатыр.