Қазақстаннан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды

Қазақстаннан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстаннан бензин мен дизель отынын сыртқа шығаруға қойылған шектеу тағы алты айға ұзартылды. Тиісті тыйым 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін қолданылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты. Алайда кейбір жағдайларға ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда, шекарадан тәулігіне бір реттен жиі өтпеген жағдайда көліктің зауытта орнатылған жанармай багындағы отынды алып өтуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар гуманитарлық көмек ретінде жіберілетін жанармай мен авиаотынның зертханалық сынамаларына да тыйым салынбайды.

Шектеуді ұзартудың басты себебі – Қазақстандағы жанармай бағасының көрші мемлекеттермен салыстырғанда төмен болуы. Осы айырмашылыққа байланысты елден бензин мен дизель отынын заңсыз әкету әрекеттері жиілеген.