Жолда қалған шетелдіктер Ақтөбе мешітінде түнеген

Жолда қалған шетелдіктер Ақтөбе мешітінде түнеген
видео кадры

Полиция мен құтқарушылар Самара - Шымкент тасжолында 15 Тәжікстан азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

6 қарашада сағат 01:11 шамасында Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар Самара - Шымкент тасжолының 1214-шақырымында патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автобусты байқаған.

Тексеріс барысында Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған Van Hool автобусы техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалғаны анықталған. Автобус салонында екі жүргізуші мен 15 жолаушы болған. Олардың алтауы - әйел, төртеуі - бала, бесеуі - ер адам. Барлығы - Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар қызметі мамандарымен бірлесіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Олар Ырғыз ауылының қиылысында орналасқан мешітке орналастырылды.

Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.