Павлодардағы колониялардың бірінен 20 жастағы сотталушының мәйіті табылды. Ол кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға 2025 жылы басталған. Сол кезде 19 жастағы жігіт 15 жастағы мектеп оқушысымен танысқан. Екеуі Instagram арқылы хат алмасып, кейін қыздың үйінде кездескен. Сол жерде олардың арасында жыныстық қатынас болған.
Қыздың анасы бұл қарым-қатынастан хабардар болған соң полицияға арыз түсірген. Соның нәтижесінде биыл сәуірде жігіт 12 жылға сотталған. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталушы өзіне қол жұмсаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.