"Әрқашан жандарыңда боламын деуші еді": Аида Қауменова қаралы хабарды жеткізді

"Әрқашан жандарыңда боламын деуші еді": Аида Қауменова қаралы хабарды жеткізді
Аида Қауменова. Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал дизайнер, Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы Аида Қауменованың әкесі Мұрат Қауменов өмірден өтті. Қаралы хабарды дизайнер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Аида Қауменованың айтуынша, әкесі 10 қараша күні дүниеден өткен.

Дизайнер Instagram парақшасында әкесін еске алып, оның әрдайым отбасына қамқор болып, балаларына қолдау көрсеткенін жазды.

"Әкем Мұрат Қауменов өмірден өтті. Әрдайым маған сенім артып: "Қызым, өзім әкесіз өстім, сол себепті әрқашан жандарыңда боламын, сіздерге әрдайым қамқорлық жасаймын" деп отыратын асыл адам еді", – деп жазды дизайнер.

Аида Қауменова әкесінің өзіне сенім артып, өмір бойы жанынан табылғанын ерекше ықыласпен еске алды.

Аида Қауменова кім?

Аида Қауменова – қазақстандық белгілі дизайнер, кәсіпкер және Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы. Ол отандық сән индустриясында ұлттық нақыш пен заманауи дизайнды үйлестірген киім үлгілері арқылы танылған.

Дизайнер шығармашылық жолында қазақстандық танымал өнер адамдарына сахналық костюмдер әзірлеп, «Astana Opera» мемлекеттік опера және балет театрымен әріптестік орнатқан. Сонымен қатар 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасының спорттық киім үлгілерін әзірлеуге атсалысқан. Бүгінде Аида Қауменова отандық сән индустриясын дамыту бағытында жұмыс істеп келеді.