Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей астанасы Мәскеуге барды. Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне қатысады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қараша күні Мәскеуге жұмыс сапарымен келген. Мемлекет басшысын әуежайда Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысады. Аталған жиынға ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қатысады.