Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында төтенше жағдай болған жерде жұмыс істеп жатыр.
Нақтыланған мәліметке сәйкес оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
