Маңғыстаудағы әскерилердің қазасы: 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Маңғыстаудағы әскерилердің қазасы: 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды
gov.kz

Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілер қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізі жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлауы және жел күшеюіне байланысты әскери қызметшілерді толқын алып кеткен. 

Алдын ала мәлімет бойынша 19 әскери қызметшіні толқын әкеткен. Ресми мәлімет бойынша тоғызы қаза тапты.