12 адам қаза тапқан трагедия: Зәкиева пікір білдірді

Сағыныш Сардарова 18 қар. 2025 10:18

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева 18 қарашада таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жеке үйдегі өрт салдарынан 12 адам қаза тапты, олардың тоғызы - балалар.

Динара Зәкиеваның айтуынша, үйде екі отбасы болған. Өрт шығып, шатыр опырылып түскен. Аймақтық уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары оқиға орнына барған. Қазір өрттің шығу себептері мен мән-жайы тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы трагедияға қатысты жаңа дерек айтылды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар