"Үйде қонақтар болған". Түркістан облысындағы трагедияға қатысты жаңа дерек айтылды

Сағыныш Сардарова 18 қар. 2025 09:31

Түркістан облысындағы трагедияға қатысты жаңа дерек айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД 101 пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртенгені туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі жеткен кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды. Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды", - деп жазылған хабарламада.
Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.
"Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деді әкімдік өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Президент шұғыл тапсырма берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар