Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: президент шұғыл тапсырма берді

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: президент шұғыл тапсырма берді
pixabay.com

Түркістан облысындағы өрттен 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Түркістан облысындағы Алғабас ауылында болды. От екі қабатты үйді шарпыған. Үш адам ес-түссіз күйде эвакуацияланды. 12 адам көз жұмды, олардың 9-ы – балалар.

Президент реакциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.