Министр мінген ұшақ жанып кетті

Dalanews 18 қар. 2025 10:49

Конго демократиялық республикасының таукен өнеркәсібі министрі Луи Ватум Кабамба мінген ұшақ әуежайға қонып жатып отқа оранды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оқыс оқиға елдің оңтүстігіндегі Колвези әуежайында болған. Ұшақ ұшу жолағының шетіне сырғып барып өртеніп кеткен. Министрдің кеңесшісі жеткізген мәлімет бойынша, ұшақ ел астанасы Киншасадан ұшып шыққан. Куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп алған. Ұшақтағы 20 адам қашып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар