Үш адам жансақтау бөлімінде жатыр: Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккендер туралы айтылды

Сағыныш Сардарова 18 қар. 2025 10:46

Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккендер туралы айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілген.
"Барлығы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізіліп жатыр, олардың жағдайы мамандардың толық бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бүгін жеке үйдегі өрт салдарынан 12 адам қаза тапты, олардың тоғызы - балалар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар