Түркістан облысындағы өрттен қаза тапқандар бір әулеттің мүшелері болып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа дерек
Оқиға бүгін Жетісай ауданы Алғабас ауылында болған еді. Мәліметке сүйенсек, өрттен қаза тапқан марқұмдар - бір әулеттің мүшелері.
Түнде 360 шаршы метрлік коттеджден өрт шығып, 12 адам қаза тапқан. Өртенген үй иесінің отбасы түгел көз жұмған.
Түркістан облысының әкімдігі мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде 1 жастан 16 жасқа дейінгі 9 кәмелетке толмаған бала бар.
Полиция не дейді?
Жетісай ауданындағы өрт бойынша "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
