Алматы облысында 14 жастағы оқушы соққыдан кейін көз жұмды

Асель Қайратқызы 18 қар. 2025 09:44

Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қаза тапты. Отбасының айтуынша, баланы жоғары сынып оқушылары қатыгездікпен ұрып-соққан. Қылмыстық іс қозғалды, алайда туыстары күдіктіге тағылған айыппен келіспейді, деп хабарлайды Dalanews.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Туыстарының  хабарлауынша, Алиханды ұрып-соққан. Әкесінің айтуы бойынша, дүкендегі бейнебақылау камерасының жазбасында бір топ жоғары сынып оқушылары баланы тоқтатып, қараңғы көшеге қарай алып кеткені көрінеді.

Талғар аудандық полициясы қылмыстық іс қозғады. Бір жасөспірім ұсталды. Туыстары істі неғұрлым қатаң түрде саралап, барлық қатысушыларды жауапқа тартуды талап етуде.

«Кәмелетке толмаған адамға дене жарақатын салу және оның өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кәмелетке толмаған жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың шешімімен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдильдин.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар