"Теңізшевройл" компаниясы 28 мамырда нысандарының бірінде өндірістік ақау тіркелгенін мәлімдеді. Қазір кәсіпорындағы мұнай өндіру көлемі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Компанияның баспасөз қызметі басты басымдық қауіпсіз әрі сенімді жұмыс екенін айтады.
Сондай-ақ, компания өндірістік және коммерциялық қызметке қатысты толық түсініктеме бермейтінін жеткізген.
Айта кетейік, бұған дейін Reuters агенттігі 26 мамырда Теңіз кен орнында апат болып, мұнай өндіру көлемі төмендегенін жазған еді. Агенттік дерегінше, өндіріс көлемі 5-10 мың тоннаға дейін азайған.