Алматы облысында жүк көлігі мен жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат Алматы – Көкпек – Көктал автожолында тіркелген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға сәті бейнекамераға түсіп қалған. Кадрлардан екі көліктің соқтығысқанын көруге болады.
Жергілікті билік мәліметінше, автобус жолаушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Полиция жол апатының мән-жайын анықтап, тексеру жүргізді. Нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір оқиғаның барлық себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.