Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында төрт адамның өліміне қатысты іс бойынша куәгерлерден жауап алу басталды. Бүгін үшінші сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ауыр қылмысқа қатысты басты күдікті - 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев, яғни отбасының күйеу баласы. Бүгін сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы куә ретінде жауап берді.
Алғашқылардың бірі болып сот залына оның әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев шақырылған. Әкесі жауап беру кезінде Сұлтан Сәрсемәлиев көз жасын тыя алмаған. Алайда судья Зарема Хамидуллина оның жағдайын сұрағанда, жақсы екенін айтқан.
Айта кетейік, 2025 жылы желтоқсанда полицияға Атырау облысы Жангелдин ауылында 66 жастағы ер адам, 64 жастағы әйел, сондай-ақ, олардың балалары - 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.
Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды. Кейін төртеуі де өлі табылды. Бұл іс бойынша күйеу балалары күдікті деп танылды.