TikTok-тағы балағат сөз: Жезқазған тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

TikTok-тағы балағат сөз: Жезқазған тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды
pixabay.com

Жезқазған тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін 60 550 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел тікелей эфирде белгісіз ер адамға қатысты әдепсіз сөздер қолданған. Сот оның әрекетін айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалаған.

Сот қаулысымен азаматша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Жаза тағайындау кезінде сот әйелдің кінәсін мойындап, өкінгенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген. Оған 60 550 теңге көлемінде айыппұл салынды.