Қазақстанда үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп адамнан жалпы сомасы 1 миллион 20 мың теңгеден асатын ақша алған азаматтардың аударымдары салық органдарына беріледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұндай ақпаратты екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер органдарына екі критерий қатар орындалған жағдайда жолдайды.
Атап айтқанда, азамат үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі адамнан ақша алуы және осы кезеңдегі аударымдардың жалпы сомасы 1 миллион 20 мың теңгеден асуы керек.
Ведомствоның түсіндіруінше, азаматтардың аударымдарын іріктеу және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау екінші деңгейлі банктерге жүктелген. Бұл тәртіп Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №698 бұйрығымен бекітілген.