Қосымша ашылмай қалды, маңайда бос көлік жоқ немесе күту уақыты созылып кетті. Әсіресе жұмысқа, кездесуге не әуежайға асыққанда мұндай жағдай қолайсыздық тудырады. Дегенмен діттеген жерге жетудің бірнеше балама жолы бар. Қазақстан қалаларының тұрғындарына қандай көлік түрлері қолжетімді және оларды қай кезде пайдаланған ыңғайлы екенін қарастырып көрейік, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қоғамдық көлік
Автобус қала ішінде қатынаудың ең қолжетімді тәсілдерінің бірі болып қала береді. Жол жүру құны алдын ала белгілі. Ал арнайы жолағы бар бағыттарда автобус кейде кептелісте тұрған жеңіл көліктен де жылдам жетуі мүмкін.
Алматыда автобуспен қатар метро да бар. Ол әсіресе қарбалас уақытта өте ыңғайлы. Метро қозғалысы жолдағы кептеліске тәуелді емес, ал пойыздардың жүру аралығы уақытты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Астана мен басқа қалаларда діттеген жерге тікелей немесе ауысып міну арқылы жететін автобус бағытын таңдауға болады.
Алайда қоғамдық көлік барлық жағдайда бірдей қолайлы бола бермейді. Қажетті мекенжай аялдамадан алыс орналасса, қолыңызда ауыр сөмке болса немесе үйге түнде қайтуға тура келсе, басқа нұсқаларды қарастырған жөн.
Электрсамокаттар мен велосипедтер
Діттеген жер бірнеше шақырым жерде болса әрі ауа райы қолайлы болса, электрсамокатты немесе велосипедті пайдалануға болады. Қысқа қашықтыққа қатынағанда бұл – кептелісті айналып өтіп, бос көліктің табылуына тәуелді болмаудың тиімді тәсілі.
Мұндай көлік түрлері бір-біріне жақын орналасқан аудандар арасында жүруге, метро станциясына немесе қоғамдық көлік аялдамасына дейін жетуге әсіресе ыңғайлы.
Дегенмен самокат пен велосипед кез келген ауа райына жарамайды. Көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде аса сақ болып, жол жүру ережелерін сақтау қажет. Сонымен қатар жалға берілетін көліктердің қолжетімділігі жыл мезгілі мен қаланың ауданына қарай өзгеріп отырады.
Көлік орнына жаяу жүру
Егер қажетті мекенжайға жаяу 15–20 минутта жетуге болса, көлік іздеудің қажеті болмауы мүмкін. Қысқа қашықтықта көлік күту мен кептелісте жүруге кететін уақыт жаяу серуендеуден аз болмайды.
Оның үстіне жаяу жүру денсаулыққа пайдалы. Тіпті қысқа серуеннің өзі күнделікті дене белсенділігін арттырады. Бұл, әсіресе уақытының басым бөлігін компьютер алдында өткізетін адамдар үшін маңызды.
Әрине, мұндай нұсқа ауа райы қолайлы, жол қауіпсіз және қолыңызда ауыр жүк болмаған жағдайда тиімді. Кейде көлік күткеннен гөрі, қажетті жерге жаяу жету оңайырақ.
Жүргізушісі бар көлікке тапсырыс беру
Алысқа бару қажет болса, қолыңызда ауыр сөмке болса немесе бірнеше көлікке ауысып мінгіңіз келмесе, сапарға тапсырыс беру сервисін пайдалануға болады. Мәселен, inDrive қосымшасында жолаушы жол жүру құнын өзі ұсынады, ал жүргізуші оны қабылдай алады немесе өз бағасын айтады.
Жолаушы кіммен баратынын да өзі таңдайды. Жүргізушілер ұсынған баға мен көліктің келу уақытын салыстырып, олардың рейтингі мен автокөлігі туралы мәліметті көруге болады. Осылайша бағаны ғана емес, көліктің қаншалықты жылдам келетінін де ескеруге мүмкіндік бар.
Ал жол ақысын талқылауға уақыт жұмсағысы келмейтіндер үшін inDrive сервисінде 2026 жылдың қазанынан бастап «Саудасыз» тарифі іске қосылды. Бұл жағдайда баға белгілі бір қаладағы алдыңғы сапарлар тарихы негізінде автоматты түрде есептеліп, тапсырыс рәсімделмей тұрып көрсетіледі. Жолаушы тапсырысты растағаннан кейін жүргізушіні іздеу басталады. Мұндай мүмкіндік, мәселен, жұмысқа немесе әуежайға бара жатқанда сапар құнын алдын ала біліп, көлікті жылдам іздеуге кірісу үшін қолайлы.
Сонымен бірге inDrive қосымшасында бағаны өзара келісу мүмкіндігі де сақталған. Сондықтан жолаушылар өздеріне ыңғайлы тапсырыс беру тәсілін таңдай алады. «Саудасыз» тарифі қазір Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және басқа да облыс орталықтарын қоса алғанда, Қазақстанның 20 қаласында қолжетімді.
Сапар қауіпсіздігіне де ерекше мән берген жөн. Көлікке отырмас бұрын оның мемлекеттік нөмірі мен маркасын қосымшада көрсетілген мәліметпен салыстырып, жүргізуші туралы ақпаратты тексеру қажет. inDrive сервисінде жолаушы жүргізушінің рейтингін алдын ала көре алады. Сондай-ақ сапар барысында өзінің қай жерде екенін жақындары біліп отыруы үшін бағыт туралы мәліметпен бөлісуге болады. Қосымшада қауіпсіздік батырмасы және қолдау қызметіне хабарласу мүмкіндігі де қарастырылған.
Дегенмен бос жүргізушілердің болуы мен көліктің келу уақыты ауданға, тәулік мезгіліне және сұраныс деңгейіне байланысты екенін ескерген жөн.
Бірнеше көлік түрін біріктіру
Бүкіл жолға бір ғана көлік түрін таңдау міндетті емес. Кейде бағыттың негізгі бөлігін автобуспен немесе метромен жүріп, қалған қашықтықты жаяу еңсеруге не сапарға тапсырыс беру сервисін пайдалануға болады.
Мысалы, Алматыда метро арқылы діттеген жерге жақын станцияға дейін жетіп, одан әрі inDrive арқылы көлік шақыруға болады. Соңғы мекенжай метродан алыс орналасса немесе қолыңызда жүк болса, бұл тәсіл өте ыңғайлы. Жүргізушілердің ұсыныстарын алдын ала қарауға немесе сапар құнын бірден білу үшін «Саудасыз» тарифін пайдалануға мүмкіндік бар.
Жалпы, көлік таңдау қашықтыққа, ауа райына, тәулік мезгіліне және адамның жеке қалауына байланысты. Бірде автобуспен жүрген тиімді болса, енді бірде жаяу барған ыңғайлы. Ал кей жағдайда жүргізушісі бар көлікке тапсырыс берген жөн. Ең бастысы – қала тұрғындарының бірнеше нұсқаны салыстырып, нақты жағдайға сай келетін тәсілді таңдай алуы.