Талғар ауданындағы дизель дауына қатысты әкімдік жауап берді

Көркем Алдабергенова 18 қар. 2025 11:28

Ақтас ауылындағы №36 орта мектептің шаруашылық меңгерушісі Серікжан Бекмұратов дизель отынын бөлу жөнінде заңбұзушылықтар бар деп шағымданған еді. Осы мәселеге қатысты аудандық білім бөлімі ресми жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2023 жылы мектеп 107 810 литр дизель отынын қабылданып, ресми құжаттар арқылы Талғар ауданының 9 мектебіне 102 400 литрі таратылған. №36 мектепте 2 976 литр отын қалған.
2024 жылдың наурыз–мамыр айларында Антикор хаты негізінде Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс жүргізіп, құжаттарды салыстыру нәтижесінде ешқандай айырмашылық таппаған.

Кадрлық мәселелер

Ресми жауапта мектептерде шаруашылық қызметіне жауапты қызметкерлер конкурс арқылы қабылданатыны айтылған. №36 мектептің штатында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары мен шаруашылық меңгерушісі бар.

Серікжан Бекмұратов бұл қызметке 2023 жылғы 1 қыркүйекте қабылданған. Оның міндетіне мектептің ішкі-сыртқы тазалығын қадағалау, техникалық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігін сақтау кіреді. Оның жұбайы аталған мектепте бастауыш сынып мұғалімі.

Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары бұрын материалдық жауапкершілікті, есеп жүргізу, коммуникация жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету және шаруашылық шығындарын бақылау жұмыстарын атқарған.

Тексерулер нәтижесі

Бекмұратов бірнеше рет әртүрлі органдарға шағым түсірген. Бірақ барлық аудит пен құжаттық тексерулер оның айтқан деректерін растаған жоқ. Білім бөлімі басшысының айтуынша, ол арызданушы азаматты бұрын көрмеген және жеке таныстығы жоқ.

Сонымен қатар, Серікжан Бекмұратов 2025 жылдың сәуір–тамыз айларында бес ай бойы еңбекке жарамсыздық парағымен ем қабылдап, жұмысқа шықпаған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Ақтас ауылындағы №36 жалпы білім беретін орта мектептің шаруашылық бөлімінің қызметкері Серікжан Бекмұратов білім ордасындағы былықтар туралы айтып берген болатын


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар