Freedom Inside '26

Алматы тағы да жарықсыз қалады

Алматы тағы да жарықсыз қалады

Алматы тұрғындары осы аптада үш күн жарықсыз қалуы мүмкін. «Алатау Жарық Компаниясы» жөндеу жұмыстарына байланысты жоспарлы жұмыс болатыны туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды Dalanews.kz 

«Алатау Жарық Компаниясының» хабарлауынша, Алматыда электр қуаты 2025 жылдың 18-21 қараша аралығында уақытша өшіріледі. Жөндеу жұмыстары мегаполистің барлық аудандық электр желілеріне (АЭЖ) әсер етеді. Толық ақпарат компания жариялаған кестеде көрсетілген.

Өшіру жұмысы  көбінесе сағат 08:00–09:00 аралығынан бастап 17:00-ге дейін жүргізілмекші. Компания мамандары уақытша шектеулер анықталған ақауларды жою, техникалық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ, трансформаторлық қосалқы станцияларға жоспарлы қызмет көрсету үшін қажет екенін атап өтті.

Қала тұрғындарына өз іс-қимылдарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға дайын болуға кеңес береміз.