Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

Сағыныш Сардарова 18 қар. 2025 12:15

Жыл басынан бері заңсыз қару айналымынан 2 300-ден аса қару тәркіленді, оның ішінде 91-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазандағы тексерістер мен жедел іздестіру іс-шаралары барысында 400-ден аса қару және 3 200-ден аса оқ-дәрі, гранаталар мен тротил шашкалары тәркіленді.

"59 жасырын қару қоймасы анықталып, жойылды. 17 криминалдық қару тәркіленді, оның ішінде 8-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Ал қалғандары – бұрын айналымнан жоғалған және кейін заңсыз айналымға түскен қарулар", - деді ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар