Астанада ер адам Кореядан көлік әкеліп беремін деп 70 адамды алдаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алаяқ жәбірленушілерді шетелдегі таныстары туралы жалған ақпаратқа сендіріп, көлік сатып алуға ниет білдірген азаматтарға алдын ала толық төлем жасаған жағдайда оларға Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен көлікке тапсырыс беруді ұсынған.
Алайда жәбірленушілерге берілген көліктер көлікті жалға беру компанияларынан уақытша алынғаны анықталды.
"Алаяқтық әрекеттерден 70-тен аса адам зардап шекті, жалпы шығын - 420 млн теңге. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сот оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.
Жәбірленушілердің азаматтық талабы қанағаттандырылды.
