Орал әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Орал әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды
gov.kz

Орал әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мән-жайы

Орал қаласында бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімнің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы мәліметінше, Орал қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобалау ұйымдарымен келісім жасасқан. Соған сәйкес компаниялар жобалау-сметалық құжаттаманы ақысыз әзірлеуге тиіс болған.

Не анықталды?

Алайда прокуратура жүргізген талдау барысында бұл келісімдерден кейін бәсекелестікке қайшы әрекеттерге жол берілгені анықталған.

Заңбұзушылыққа жол берген қала әкімінің орынбасары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 163-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 648 мың теңге айыппұл салынып, бұл сома толық өндірілген.