Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тексеру нәтижесінде Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны Назерке Әділдің Шымкент қаласында тікелей эфирге шығып, бейәдеп сөздер айтқаны және қоғамды анық құрметтемегені белгілі болды.
Әйелге қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жолданды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.