Мәслихат сайлауына ел қазынасынан 35,8 млрд қаржы жұмсалады

Мәслихат сайлауына ел қазынасынан 35,8 млрд қаржы жұмсалады
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауға 35,8 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бортниктің айтуынша, алдағы сайлау ауқымы жағынан биыл тамызда өткен Құрылтай сайлауымен шамалас. Алайда мәслихат сайлауын ұйымдастыруға қосымша комиссиялар тартылады.

"Мәслихат сайлауы кезінде 3022 округтік комиссия жұмыс істейді. Бұл сайлау комиссиялары құрамына қосымша 15 110 адам тартылады деген сөз", - деп түсіндірді ол.

Бөлінген қаржының шамамен 70 пайызы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Қалған қаражат сайлауды ұйымдастыруға, соның ішінде кандидаттарды қолдауға бағытталады. Мәселен, мәслихат депутаттығына үміткерлерге 500 мыңнан 700 мың теңгеге дейін бөлінеді.

Сайлауға учаскелік және округтік комиссиялардың 85 мыңнан аса мүшесі қатысады. Сайлау барысында 228 мәслихатқа 3447 депутат сайланады.