Алматыда “Әділет” партиясының кандидаттары жедел жәрдем мамандарының ұсынысын тыңдады

Алматыда “Әділет” партиясының кандидаттары жедел жәрдем мамандарының ұсынысын тыңдады
Фото: “Әділет” партиясы

Алматыда "Әділет" партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар "Жедел медициналық жәрдем қызметі" ұжымымен кездесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жиынға "Әділет" партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат әрі Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев, партияның Алмалы аудандық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Әли Нәсіпқалиев, партия өкілдері мен медицина қызметкерлері қатысты.

Медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстар таныстырылды. Қатысушылар медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ауруханалар мен өзге де медициналық нысандарды жаңарту, заманауи технологияларды енгізу және медицина мамандарының еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін талқылады.

Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі тұрғындарға тәулік бойы шұғыл көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта мекемеде 4 500-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Олар күн сайын келіп түскен шақыртуларға барып, науқастарға қажетті медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Мамандардың ұсынысын тікелей тыңдау маңызды

"Әділет" партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров денсаулық сақтау жүйесін дамыту партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі екенін айтты.

"Денсаулық сақтау жүйесін дамыту - біздің сайлауалды бағдарламамыздың маңызды бағыттарының бірі. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және медицина қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлу қажет. Мұндай кездесулер сала мамандарының ұсыныстарын тікелей тыңдап, денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің нақты жолдарын талқылауға мүмкіндік береді", -деді "Әділет" партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров.

Жедел жәрдем қызметін жетілдіру ұсынылды

Ашық пікір алмасу барысында жедел жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіруге ерекше назар аударылды. Тараптар шұғыл медициналық көмектің тиімділігін арттыру және салаға заманауи медициналық технологияларды енгізу жөнінде пікір алмасты.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат әрі Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді медицина қызметкерлерімен бірге талқылаудың маңызын атап өтті.

"Бүгінде денсаулық сақтау саласының алдында медициналық қызметтердің сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және заманауи технологияларды енгізу бойынша маңызды міндеттер тұр. Бұл ретте медицина қызметкерлерін қолдау және олардың кәсіби қызметіне қажетті жағдай жасау айрықша мәнге ие. Ашық диалог өзекті мәселелерді талқылап, саланы одан әрі дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат, Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев.

Бас дәрігер партияға қолдау білдірді

Кездесу соңында "Жедел медициналық жәрдем қызметінің" бас дәрігері Арман Тойбеков "Әділет" партиясының кандидаттарына үгіт-насихат кездесуін ұйымдастырып, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол партияға қолдау білдіріп, медицина саласын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтті.

Тапсырыс беруші: Канкуров С.В.
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "Әділет" партиясы" ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді