Ресейде Сергей Шойгуды жарып жібере жаздады

Асель Қайратқызы 18 қар. 2025 11:05

Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі жоғары лауазымды шенеунікке қарсы терактінің алдын алғанын мәлімдеді. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, лауазымды тұлға Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу болуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.


РИА Новости мәліметі бойынша, бірнеше күн бұрын Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі мемлекеттік жоғары лауазымды тұлғалардың біріне қарсы ұйымдастырылған қастандықтың алғанын хабарлады. Теракт Троекуров зиратында жоспарланған. Тергеу дерегіне сәйкес, зиратта ішіне қашықтан басқарылатын мина орнатылған ваза қойылуы тиіс еді.


ФҚҚ деректері бойынша, қастандықты ұйымдастырушы — Украина арнайы қызметтері, ал орындаушылар — Мәскеуде ұсталған екі күдікті. Олар - бұрын сотталған, есірткіге тәуелді екі азаматы. Украина тарапы бұл айыптауларға әлі пікір білдірген жоқ.
Ресейдің ресми орындары да бұл ақпаратты растаған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар