Қазақ эстрадасындағы белгілі әндердің бірі – "Дариға жүрек" туындысының шығу тарихы қайтадан көпшіліктің назарын аударды. Әннің Дариға Назарбаеваға арналғаны туралы әңгіме ұзақ жылдан бері айтылып келеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сазгер Бауыржан Есбаев жаңа сұхбатында осы сауалға жауап берді. Оның айтуынша, "Дариға жүрек" әні 2004 жылы Дариға Назарбаеваның туған күніне орай жазылған.
Кейін бұл туындыны әнші Медеу Арынбаев орындап, ән көпшілік арасында кеңінен танылды. Уақыт өте келе "Дариға жүрек" қазақ эстрадасындағы ең танымал хиттердің біріне айналды.