БАҚ пен әлеуметтік желіде АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагереевті ұстағаны туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, ол 5 маусымда федералдық серіктестердің қатысуымен жүргізілген арнайы операция барысында қолға түскен.
Дегенмен оған нақты қандай айып тағылып отырғаны туралы мәлімет келтірілмеген.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Иә, бұл жағдайдан Сыртқы істер министрлігі хабардар. Қазір анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат ресми дерек түскеннен кейін беріледі", - деді СІМ өкілі.