"Балаларының ортасында отыруды нәсіп етсін": Ақбаян Мұқанғалиеваның парақшасында жаңа жазба жарияланды

"Балаларының ортасында отыруды нәсіп етсін": Ақбаян Мұқанғалиеваның парақшасында жаңа жазба жарияланды
Ақбаян Мұқанғалиева. Видеодан кадр: azh.kz

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған қайғылы оқиғадан кейін ем қабылдап жүрген Ақбаян Мұқанғалиеваның Instagram парақшасында жаңа жазба жарияланды. Онда оның сауығып, балаларымен бірге бақытты өмір сүруіне тілек білдірілген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада Ақбаян Мұқанғалиеваның болашағына қатысты жүрекжарды тілек айтылған.

"Балаларының ортасында отырған, мәуелі бәйтеректі көруді нәсіп етсін Алла", – делінген Instagram парақшасындағы жазбада.

Қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева денсаулығын қалпына келтіру үшін жүйелі түрде ем қабылдап, оңалту шараларынан өтіп жатыр. Жақындарының айтуынша, оның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы қандай?

Бұған дейін Ақбаянның психикалық денсаулық орталығынан шыққаны хабарланған болатын. Қазір ол туыстарының қамқорлығында болып, дәрігерлердің бақылауымен емін жалғастырып жатыр.

Жақындары оның қалыпты өмірге қайта бейімделуіне көмектесіп келеді. Дегенмен толық сауығуы үшін әлі де уақыт қажет.

Ақбаян ауруханадан шыққаннан кейін балаларымен де бірнеше рет кездескен. Туыстарының айтуынша, ол перзенттерін танып, олармен бірге болуды қалайтынын білдірген.