Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі

Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі
Фото: Нұрғали Жұмағазы

1 қарашада қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында белдеседі. Бұл туралы Tengri Sport-қа сілтеме жасап dalanews.kz хабарлайды.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз шешуші белдесуде Ресей өкілі Иналбек Шериевпен кездеседі.

Финалдық жекпе-жек Қазақстан уақытымен сағат 18:59-ға жоспарланған.

Белдесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Сондай-ақ трансляция телеарнаның ресми сайтында көрсетіледі.