ҚМГ “Лукойлға” қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Көркем Алдабергенова 18 қар. 2025 10:26

ҚМГ «Қарашығанақ» жобасындағы «Лукойл» үлесін сатып алады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы ресейлік «Лукойл» компаниясының Қарашығанақ жобасындағы үлесін сатып алуды жоспарлап отыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Бірқатар БАҚ-та ҚазМұнайГаздың Қарашығанақ жобасында “Лукойл” үлесін сатып алуы мүмкін деген ақпарат жариялануда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар КМГ серіктестермен бірге Қарашығанақ жобасына санкциялық шектеулердің ықпалын тұрақты және кешенді түрде талдап отырады», – делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар