Әлемдегі ең ірі криптовалюта биржаларының бірі Binance кибершабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Алдын ала есеп бойынша осы оқиғадан келген шығын 6,3 миллиард долларға жетуі мүмкін. Компания ақша енгізу мен шығару операцияларын уақытша тоқтатып, пайдаланушылардың барлық шығынын өтейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кибершабуыл туралы алғашқы ақпарат 29 қазанда тарады. БАҚ белгісіз криптоәмиянға шамамен 3,5 миллиард доллар аударылғанын хабарлаған. Кейбір мамандар күмәнді операциялардың жалпы көлемі бұдан да көп болуы мүмкін деп есептейді.
Осы ақпараттан кейін криптовалюта шығарушылар оқиғаға қатысы болуы мүмкін активтерді бұғаттай бастады.
Болжам бойынша шабуылдаушылар қызметтік контейнерге қол жеткізіп, қаражатты шығару үшін рұқсатсыз транзакциялар жасаған.
Компания криптоәмияндардың жабық кілттері сыртқа тарады деген белгі жоқ екенін хабарлады. Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін техникалық есеп жарияланбақ.
Binance алдын ала есеп бойынша келтірілген жалпы шығынды шамамен 6,3 миллиард долларға бағалады.