Freedom инвестициялық қордан қаржыландыру тартты

Freedom инвестициялық қордан қаржыландыру тартты
pixabay.com

Freedom Holding Corp. тобы мен негізгі инвесторы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-тың еншілес ұйымы — «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ болып табылатын Kokzhiyek Fund L.P. Freedom компаниялар тобының инвестициялық жобаларын облигациялық қаржыландыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Келісім шеңберінде Қазақстандағы инвестициялық жобалар қаржыландырылады. Олардың қатарында деректер орталықтарын, жасанды интеллектке арналған есептеу кластерін, магистральдық байланыс желілерін, халықаралық байланыс арналары мен платформаларын дамыту, трансшекаралық сауда мен логистиканы өркендету, сондай-ақ экономиканың басқа да салаларындағы жобалар бар.

Freedom цифрлық және технологиялық инфрақұрылымы мен сервистерін жүйелі түрде дамытып келеді: ол телекоммуникациялық активтерін кеңейтіп, мемлекеттік органдармен бірлесіп цифрлық және есептеу инфрақұрылымын құру бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл келісім — топтың қолданыстағы даму жоспарының бір бөлігі. Жобаларды іске асыру клиенттер мен бизнеске ұсынылатын цифрлық шешімдер аясын кеңейтуге бағытталған.

Freedom компаниясының «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің еншілес ұйымымен ынтымақтастығы институционалдық капиталдың инвестициялық мүмкіндіктерін жеке бизнестің кәсіпкерлік тәжірибесімен және технологиялық сараптамасымен ұштастырады. Мұндай әріптестік стратегиялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге және Қазақстан экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры:

«Мұндай ауқымдағы келісім — жобаларымыздың маңыздылығын мойындаудың белгісі, ал «Бәйтерек» тобының қатысуын Freedom-ға деген сенім ретінде бағалаймыз. Біз Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын әлемдік деңгейге жеткізіп, оның тек өңірлік деңгейде ғана емес, жаһандық нарықта да бәсекеге қабілетті болуына ұмтыламыз. Ол үшін тиісті ауқымдағы технологиялық қуаттылық, байланыс арналары мен логистикалық инфрақұрылым қажет. Келісім аясындағы қаржыландыру еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және цифрлық егемендігін нығайтуға бағытталған ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді».

Freedom Holding Corp. — қаржылық қызметтер көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консультация берумен, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, ұшақ билеттерін, мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын, онлайн-супермаркет қызметтерін және басқа да көптеген сервисті ұсынатын әртараптандырылған компаниялар тобының холдингі. Еншілес компанияларын қоса алғанда, Freedom Holding Corp. компаниялар тобында 11,8 мыңнан астам қызметкер бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқа да елдерді қоса алғанда, 22 мемлекетте жұмыс істейді.  Freedom Holding Corp. жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market биржасында FRHC тикерімен саудаланады.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ – Қазақстан Республикасының экономиканы әртараптандыруға және оның негізгі салаларын қолдауға бағытталған интеграцияланған мемлекеттік даму институты.  Холдинг тобына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Qazaqstan Investment Corporation және басқа да компаниялар кіреді.  Kokzhiyek Fund L.P. — экономиканың басым салаларындағы ірі жобаларды қаржыландыру мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында тіркелген тікелей инвестициялар қоры.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында бағалы қағаздарды сатып алуға немесе оларға жазылуға қатысты ұсыныс не шақыру болып табылмайды және мұндай ұсыныстың немесе шақырудың бір бөлігі емес. Облигациялық қаржыландыру аясында ұсынылатын бағалы қағаздар АҚШ-тың Бағалы қағаздар туралы заңына (U.S. Securities Act) сәйкес тіркелмеген және тіркелмейді. АҚШ-тың Бағалы қағаздар туралы заңында көзделген тіркеу талаптарынан босату жағдайларын қоспағанда, бағалы қағаздарды тіркеусіз Америка Құрама Штаттарында немесе АҚШ тұлғаларына (дистрибьюторларды қоспағанда) ұсынуға не сатуға болмайды. Бағалы қағаздармен хеджирлеу мәмілелеріне АҚШ-тың Бағалы қағаздар туралы заңының талаптары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.

Осы хабарландыруда 1995 жылғы Бағалы қағаздар саласындағы жеке талап-арыздар бойынша сот талқылауларын реформалау туралы заңның (Private Securities Litigation Reform Act of 1995) мағынасындағы болашаққа қатысты мәлімдемелер қамтылған. Әдетте, мұндай мәлімдемелерді «мүмкін», «болады», «болуы мүмкін», «жөн», «сенеді», «күтеді», «жоспарлайды», «бағалайды», «болжайды», «әлеуетті», «ниеттенеді», «жоспар», «мақсат», «болашақ» деген сөздерден, олардың түрленген нұсқаларынан немесе мағынасы ұқсас өзге де тіркестерден тануға болады. Мұндай мәлімдемелерге, соның ішінде, Freedom Holding Corp. тобының инвестициялық жобаларын қаржыландыруға, топтың даму жоспарларына, цифрлық шешімдер аясын кеңейтуге, стратегиялық жобаларды іске асыруға және экономикалық өсудің жаңа бағыттарын қалыптастыруға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және елдің цифрлық егемендігін нығайтуға қатысты мәлімдемелер жатады. Осы болашаққа қатысты мәлімдемелер ағымдағы күтулерге немесе сенімдерге негізделген. Жағдайлар өзгерген жағдайда бұл мәлімдемелер де өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ олар бірқатар тәуекел мен белгісіздік факторларына байланысты, соның салдарынан нақты нәтижелер болашаққа қатысты мәлімдемелерде көрсетілген нәтижелерден едәуір өзгеше болуы мүмкін. Мұндай тәуекелге, атап айтқанда, Компанияның 2026 жылғы 31 наурызда аяқталған қаржы жылына арналған, 2026 жылғы 1 маусымда АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) ұсынылған 10-K нысанындағы жылдық есебінің 1A-бөлімінде («Тәуекел факторлары») көрсетілген тәуекелдер жатады. Болашаққа қатысты барлық мәлімдеме тек осы хабарландыру жарияланған күнгі жағдай бойынша жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, Freedom Holding Corp. жаңа ақпараттың пайда болуына, болашақ оқиғалардың орын алуына немесе өзге де себептерге байланысты осы мәлімдемелерді жаңартуға міндеттеме алмайды.